"Ақсу кентінің негізгі орта мектебі" КММ "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-Портал);
2) ақпараттандыру объектілері;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірін "электрондық үкімет"веб-порталында тіркеу кезінде).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) көрсетілетін қызметті алушының Қағидаларға 1 және 5-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызметтің қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электрондық көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
3) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің, медицина қызметкерінің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
4)мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5)фтизиатр-дәрігердің санаторийге кезекке қою кезіндегі құжатының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті берушілер МДҰ-ға жолдаманы бірінші кезекте алғанын растайтын мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Резидент еместер үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3)көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
4)мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5)фтизиатр-дәрігер құжатының электрондық көшірмесі (санаторийге кезекке қою кезінде)
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / проактивті